АЛҒЫСӨЗ Құрметті әріптестер және достар, Өмір – сан алуан оқиғалар мен жүрек тебірентер сезімдер алма-кезек ауысып отыратын жол. Жүріп өткен жолымыз соқпақты болған болса да, өткенді ұмытпау аса маңызды, өйткені бұл – бүгінді бағалап, ертеңді бағамдаудың жалғыз амалы. Бұл әсіресе Дүниежүзілік банк тобы мен Қазақстан Республикасының 25 жылға созылған табысты ынтымақтастығын атап өтіп отырған күні ерекше маңызды. Қазақстан - табиғи қоры бай әрі географиялық орналасуы бірегей ел, дегенмен, өткеннен қалған мұрасы осы жас елдің қиын-қыстаулы даму жолына ықпалын жасағаны белгілі. Десек те, осы елдің жеткен жетістіктері бүкіл қазақстандықтар мақтануға тұрарлық табыс деп атап өткім келеді. Біз осы фотоальбомда Қазақстанның тұрақты дамуына қосқан бірқатар басты үлестерімізді көрсетуге ұмтылдық. Осы жылдар ішінде Дүниежүзілік банк тобы қаржы жүйесін, әлеуметтік қызметтерді дамытудан бастап, ерекше маңызға ие инфрақұрылымды салуға дейінгі сан алуан бағыттағы жұмыстарға қолдау жасады. Біздің жұмылдыра біргіп салған күшіміздің тамаша нәтижелерге жеткізгеніне біз аса қуаныштымыз. Олардың қатарында Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және су көлемін жарты есеге ұлғайту, орман алқаптарын сақтап қалу, республиканың энергиямен қамту жүйесін жаңғырту, басты жол инфрақұрылымын жетілдіру, кәсіби және техникалық білім беру деңгейін көтеру, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мен қызметтерін жаңғырту, технологияларды коммерцияландыру сынды ел ішіндегі экологиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берген тағы да басқа көптеген жобаларды атап өтуге болады. Біздің әріптестеріміз бен серіктестеріміздің әртүрлі жылдары түсірген фотосуреттері көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз. Бұл фотосуреттер алдын ала ойластырылып, кәсіби тұрғыда түсірілмеген, керісінше, миссиялар мен сапарлар аясында жобаларды көруге барған кезде жол-жөнекей жасалғандықтан, шынайы әрі көрнекі болып шықты. Біз Қазақстан халқын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз және де келешекте толағай табыстарға жетуіне тілектеспіз. Дүниежүзілік банк тобы өз тарапынан осы жолдың әрбір кезеңінде қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын! Ато Браун Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі ПРЕДИСЛОВИЕ Уважаемые коллеги и друзья, Жизнь – это череда моментов и эмоций, и очень важно помнить прошлое, даже если в нем были сложные моменты. Ведь это единственный способ ценить настоящее и планировать будущее. Это еще более важно для нас в то время, когда мы отмечаем успешное 25-летнее сотрудничество между Группой Всемирного банка и Республикой Казахстан. Казахстан наделен богатыми природными ресурсами и уникальным географическим расположением. Однако наследие прошлого повлияло на непростой путь развития этой молодой страны. Тем не менее, должен признать, что прогресс, который мы наблюдаем в этой стране, может являться предметом гордости для всех казахстанцев. В данном фотоальбоме мы попытались показать некоторые из наших ключевых вкладов на пути к устойчивому развитию страны. За эти годы Группа Всемирного банка поддержала работу в различных направлениях – от финансов, социальных услуг до строительства критически важной инфраструктуры. Мы очень рады, что совместными усилиями смогли добиться отличных результатов по нашим проектам: это восстановление северной части Аральского моря и увеличение наполовину объема воды, сохранение лесных массивов, модернизация системы энергоснабжения страны, улучшение ключевой дорожной инфраструктуры, повышение уровня профессионального и технического образования, модернизация инфрастурктуры и услуг здравоохранения, коммерциализация технологий и многое другое, что позволило заложить основу для улучшения экологической и социально-экономической ситуации в стране. Мы надеемся, что вам понравятся фотографии, сделанные нашими коллегами и партнерами в разное время. Эти фотографии не были профессионально срежиссированны, напротив, они были сняты на ходу, во время миссий и визитов на проектные территории, поэтому и получились такими реальными и живыми. Мы поздравляем народ Казахстана с его достижениями и желаем успеха и процветания стране. Со своей стороны Группа Всемирного банка всегда готова оказать необходимую поддержку на каждом этапе данного путешествия! Ато Браун Постоянный представитель Всемирного банка в Казахстане FOREWORD Dear colleagues and friends, Our life is a series of moments and emotions. And it is critical to remember the past, even though it might have its difficult moments. But this is the only way we can appreciate the present and plan the future. This is even more important for us at a time when we celebrate 25 years of successful engagement between the World Bank Group and the Republic of Kazakhstan. Kazakhstan is blessed by natural endowments and unique geography, but the legacy of the past has not made for an easy development journey for this young nation. Yet, I must admit that the development we have seen over the last 25 years in this country has been a source of pride for all Kazakhstanis. In this photo-book, we attempt to showcase some of our key contributions to the country’s progress, as it navigated its development path. Over these years, the World Bank Group has supported improvements in many areas – from finance, to social services and critical infrastructure. We are happy to witness that our joint efforts have contributed to achieving such excellent results on the ground like the restoration of the Northern Aral Sea and two-fold increase of the volume of water, preservation of forests, modernization of the country's energy supply system, improvement of the country’s key road infrastructure, as well as enhancement of professional and technical education, modernization of health care infrastructure and services, technology commercialization, and many more. We believe that all these results have laid grounds to the overall improvement of the environmental and socio-economic situation in the country. We hope you will enjoy these images captured by our colleagues and partners at different times and places over the years. The pictures were not professionally staged but spontaneous on-the-go pictures taken during missions and site-visits. We congratulate the people of Kazakhstan for their accomplishments and wish the country continuous success and prosperity in the future. The World Bank Group stands ready to provide the necessary support at each stage of this journey! Ato Brown World Bank Country Manager for Kazakhstan Арал теңізі 1960 жылы көлемі бойынша әлемдегі төртінші орында тұрған ағынсыз теңіз болып табылды. 1990 жылға қарай суармалы егіншілік үшін теңізден үлкен көлемде су алудың нәтижесінде, су деңгейі қатты төмендеп, кезінде кемежүзу ісі қызу жүргізілген бұл теңіздің түбі құрғап кетіп, екіге қақ бөлінді. В 1960 году Аральское море было четвертым по величине бессточным озером в мире. К 1990 году в результате активного водозабора на орошаемое земледелие уровень воды уменьшился настолько, что море разделилось на части, оставив на высохшем дне лишь напоминания о когда-то активном судоходном прошлом. In 1960, the Aral Sea was the fourth largest inland lake in the world. By 1990, as a result of the massive water intake for irrigated agriculture the water level had sharply decreased thus dividing the sea into two parts and exposing on the dried sea bed the evidences of the once navigable past. Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіруге арналған ауқымды жобаның нәтижелері күткен барлық үміттерден асып түсті. Көкарал бөгетін салудың арқасында теңіз деңгейі 4 метрге көтеріліп, су көлемі 50%- ға артты. Результаты крупномасштабного Проекта по восстановлению северной части Аральского моря превзошли все ожидания. Строительство Кокаральской плотины позволило поднять уровень моря на 4 м и увеличить объем воды наполовину. The results of the large-scale project to restore the northern part of the Aral Sea exceeded all the expectations. The con- struction of the Kokaral Dam allowed raising the sea level by 4 m and increasing the water volume by 50 percent. Аралды құтқаруға арналған іс-шаралар бағалы балық тұқымдарын аулау ісін қалпына келтіруге, жалпы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалдың жақсаруына жайлы жағдай жасады. Мероприятия по спасению Арала создали благоприятные условия для восстановления промысла ценных пород рыб и улучшения экологической и социально-экономической ситуации региона в целом. Measures to save the Aral Sea have created favorable conditions for the restoration of precious species of fishy and, in general, improving the environmental and socio-economic situation in the region. Дүниежүзілік банк «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойындағы көлік және сауда ағындарының тиімділігін, сондай-ақ, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы 1445 шақырымға созылған жолдардың құрылысын қолдап отыр. Всемирный банк поддерживает повышение эффективности транспортных и торговых потоков вдоль международного транзитного коридора «Западная Европа-Западный Китай», включая строительство дороги протяженностью 1445 км в Кызылординской, Южно-Казахстанской и Алматинской областях. The World Bank supports the efficiency of transport and trade flows along the international transit corridor Western Europe-Western China, including the construction of a 1445 km long road in Kyzylorda, South Kazakhstan and Almaty оblasts. Сонымен қатар, автокөлік жолдарын басқаратын секторды жетілдіру және де Қазақстандағы жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жол саласындағы жобалар аясында жұмыс жүргізілуде. Дорожные проекты также работают над совершенствованием сектора управления автомобильными дорогами и повышением безопасности дорожного движения в Казахстане. Road projects also support improvements in the road management sector as well as help enhance the road safety in Kazakhstan. Қазірдің өзінде дәліз бойында 35 000 жұмыс орны құрылып, жергілікті тұрғындар денсаулық сақтау және білім беру нарықтары мен қызметтеріне қол жеткізіп отыр. Уже сегодня вдоль коридора создано свыше 35 000 рабочих мест, отмечается улучшение доступа местного населения к рынкам, услугам здравоохранения и образования. To date, over 35 000 jobs have been created along the corridor and access of the local population to markets, health care, and education services improved. Құрғақшылық орнаған 2012 жылы топырақты ешбір өңдеусіз пайдалануға мүмкіндік беретін қор үнемдеуші технологияны Қазақстанда қолдану арқасында бидай өнімділігі шамамен 0,7 млн. тоннаға артты, ал бұл 5 миллион адамды азықтандыруға жеткілікті екенін атап өту қажет. В засушливый 2012 год применение в Казахстане ресурсосберегающей технологии «нулевой обработки почвы» позволило увеличить производство пшеницы примерно на 0,7 млн. тонн, что достаточно для того, чтобы накормить 5 миллионов человек. In dry 2012 year, the adoption of the “No-till” climate-smart technology in Kazakhstan resulted in 0.7 million tons of additional wheat grain, which is enough to feed some 5 million people for a year. Қарағанды облысындағы 19 500 тұрғыны бар Шет ауданындағы 35 000 гектар қуаң жер қайта қалпына келтіріліп, бұл мал шаруашылығын жөнге салып, жемшөп өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Восстановлено более 35 000 га засушливых земель в Шетском районе Карагандинской области с населением 19 500 человек, что позволило наладить систему разведения скота и увеличить урожайность кормовых. Over 35 000 hectares of dry land restored fertile to allow more livestock and better crops in Shetskiy region of Karagan- da oblast with population of 19 500 people. Дүниежүзілік банк электр желілерін басқаратын қазақстандық KEGOC компаниясына электр қуатымен қамту сапасын арттыру, электр қуаты нарығындағы бәсекелі нарықты дамыту және KEGOC компаниясын энергия таратушы тиімді компания ретінде қайта құрылымдау бағытында қолдау көрсетті. Всемирный банк поддержал Казахстанскую компанию по управлению электрическими сетями KEGOC в повышении качества электроснабжения, развитии конкурентного рынка электроэнергии и реструктуризации KEGOC в эффективную энергораспределительную компанию. The World Bank supported the Kazakhstan Electricity Grid Operating Company KEGOC to improve the quality of electric- ity supply, develop a competitive electricity market and restructure of the organization into an efficient energy distribu- tion company. Электр қуатын таратуға арналған үш жоба Қазақстан халқын тұрақты, үнемді, әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін солтүстік өңірді оңтүстікпен байланыстырды, осының нәтижесінде оңтүстік өңірде қыс мезгіліндегі энергия жетіспеушілігі айтарлықтай төмендеді. Три проекта по передаче электроэнергии позволили связать северный регион с южным для обеспечения надежной, экономичной и качественной подачи электроэнергии населению Казахстана, значительно снизив дефицит энергии в южном регионе в зимний период. Three electricity transmission projects helped connect North and South regions to ensure reliable, cost effective, and high quality electricity supply to the people of Kazakhstan, and reduce the winter energy deficit in the south region. Сынапқа толы 2 млн. тоннадан аса материал Теміртау қаласының жанындағы карбит зауытынан, тұндырғыштардан және Нұра өзенінің жағасынан тасып әкетіліп, үлкен полигонда кәдеге жаратылды. Бүгінгі күні Нұра өзенінің бойындағы өнеркәсіптік аумақ өмір сүру үшін қауіпсіз болып табылады. Более 2 млн. тонн зараженного ртутью материала, вывезенного с карбидного завода возле г.Темиртау, отстойников и берегов р. Нура, утилизировано на гигантском полигоне. Сегодня промышленная территория вдоль р. Нура безопасна для жизнедеятельности. More than 2 mln. tons of mercury contaminated materials from the carbide factory near Temirtau, the sedimentation ponds, Nura river banks, and floodplains were safely disposed at the giant landfill. Today, the industrial site and the Nura’s riverbanks are now cleaner and safer. Резеңке өндіру кезінде сынапты қолданған зауыттың төменгі бөлігінде Ынтымақ бөгеті салынды. Топырақ құнарлығын қалпына келтіретін жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін, тазартылған су өзен ағынымен төмен қарай жақын маңайдағы ауылдарға, ауылшаруашылық жүргізілетін жерлерге және ЮНЕСКО қорғауына енгізілген Қорғалжын қорығының сулы-батпақты алқабына жеткізіліп отыр. Ынтымакская дамба была построена ниже завода, где для производства резины применялась ртуть. После проведения рекультивационных работ при поддержке ВБ управляемые потоки очищенной воды поступают вниз по течению в близлежащие деревни, сельскохозяйственные земли и водно-болотные угодья Коргалжынского заповедника, находящиеся под охраной ЮНЕСКО. The Intymak dam was built almost on the site of a factory that used mercury to make rubber. With the clean-up support from the World Bank a controlled flow of clean water now goes down the river to local villages, farmland and UNESCO Kor- galzhyn wetlands far downstream. Орманды қалпына келтіру және де өрт салдарынан ормандардың құлдырауын алдын алу мақсатында Ертіс маңындағы 30 000 гектарға жуық таспа шоққарағайлы аумақта көшеттер егілді. Тәлімбақта өсірілген жас көшеттер әр екі жыл сайын жаңа орман алқаптарына отырғызылады. В ленточном бору Прииртышья засажено посадками около 30 000 гектаров земли в целях восстановления леса и предотвращения деградации лесов от пожаров. Каждые два года молодые саженцы из питомника высаживаются в новых лесных угодьях. In the Irtysh Pine Forest, about 30 000 hectares have been planted to help rehabilitate the forest and reverse fire degrada- tion trends. Every two years these young seedlings from the nursery are planted in new forests. Сондай-ақ, орман жобасы аясында құрғап қалған Арал теңізінің түбіндегі 56 000 гектарлық сексеуіл ормандарын көшіріп егу құм қозғалысы мен теңізден шығатын тұз тозаңын тұрақтандыруға оң ықпалын тигізді. Лесной проект также поддержал высадку 56 000 га саксауловых лесов на высохшем дне Аральского моря, что позитивно отразилось на стабилизации движения песков и выноса солевой пыли. The Forestry project also supported planting of saxaul on 56 000 hectares of the dried Aral Sea bed to trap the soil and stabilize the dry seabed. Дүниежүзілік банк Қазақстанда қаржыландыру, медициналық көмек сапасын көтеру, денсаулық сақтау жүйесін басқаруға арналған ақпараттық жүйелер, медициналық білім беру және ғылым, фармацевтикалық саясат, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі сынды мәселелерді қамтитын денсаулық сақтау реформасының кешенді стратегиясын жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Всемирный банк поддержал реализацию комплексной стратегии реформы здравоохранения в Казахстане, включающую вопросы финансирования, повышения качества медицинской помощи, информационных систем по управлению здравоохранением, медицинского образования и науки, фармацевтической политики и безопасности пищевых продуктов. The World Bank supported implementation of the government’s comprehensive health reform strategy, ranging from health financing, health management information systems, and quality of health care, to medical education and research, phar- maceutical policy, and food safety. Денсаулық сақтау жүйесін қолдау үшін аккредиттеу, экономикалық зерттеулерді жүргізу, инвестицияларды жоспарлау және мониторинг жүргізу, стандарттау, денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты және инновациялық білімді басқару салаларында 17 техникалық орталық құрылды. Создано 17 технических центров для поддержки системы здравоохранения в области аккредитации, экономических исследований, планирования и мониторинга инвестиций, стандартизации, информатизации здравоохранения и инновационного образования. Seventeen technical centers are established to support the health system in accreditation, economic research, planning and investment monitoring, standardization, health information management, and innovative education. Дүниежүзілік банк өнеркәсіп, ғылым және білім арасында тығыз байланыстың орнатылуына жағдай жасады. Мәселен, Полимерлік материалдар және технологиялар институтындағы ғалымдар Қазақстандағы ескі мұнай ұңғымаларынан өндірілетін мұнай көлемін арттырудың жолын тапты. Всемирный банк способствовал установлению прочных связей между промышленностью, наукой и образованием. К примеру, ученые из Института полимерных материалов и технологий нашли решение для увеличения объема добычи нефти из старых нефтяных скважин в Казахстане. The World Bank facilitated the establishment of strong linkages between industry, science, and education. For example, scientists from the Institute of Polymer Materials and Technology developed a solution to improve the recovery of oil from old oil wells in Kazakhstan. Жоба саяси құралдарды жетілдіріп қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми қауымдастықтың ойлау жүйесін зерттеу нәтижелерін арттырып, ұлттық экономика мен қоғамның пайдасы үшін жобаларды дайындау бағытында өзгертті. Бүгінгі күні қазақстандық ғалымдар зерттеуді өз инновацияларын дамыту және өмірді жақсартуға жағдай жасайтын қаржы тұрғысынан тиімді мүмкіндік ретінде қарастырып отыр. Проект не только помог улучшить инструменты политики, но и повлиял на изменение мышления научного сообщества в сторону увеличения результатов исследований и разработок в интересах национальной экономики и общества. Сегодня казахстанские ученые рассматривают исследование как финансово выгодную возможность развивать свои инновации и улучшать жизнь. The Project not only helped improve the policy tools but influenced the change of the mindset of the scientific community to- wards increasing the outcomes of the research and development results for the benefit of the national economy and society. To- day, Kazakhstani scientists see the research as financially rewarding opportunity to develop their innovations and improve lives. Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы ластанған өнеркәсіптік қалдықтардың жерасты суына енуін тоқтатып, сондай-ақ, жерастындағы су сапасына мониторинг жүргізуге арналған институционалдық тетіктерді нығайтуға көмектесті. Проект по восстановлению окружающей среды г.Усть-Каменогорска помог остановить проникновение загрязняющих веществ промышленных отходов в грунтовые воды, а также укрепить институциональные механизмы для мониторинга качества грунтовых вод. The Ust-Kamenogorsk Environmental Remediation Project helped to halt the infiltration of industrial contaminants into groundwater, and strengthen the institutional mechanisms for groundwater monitoring. Өскемендегі жоғары қауіп-қатерді төндіретін өндірістік ластанудың бес көзі бүгінгі күні толығымен қалпына келтірілді. Пять промышленных источников загрязнения в г. Усть-Каменогорск, представляющих высокую степень риска, на сегодняшний день полностью рекультивированы. Remediation works in Ust-Kamenogorsk have been carried out at five high-risk industrial waste dumps. Техникалық және кәсіби оқытуды жаңғыртуға арналған жоба оқу бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкестендіру және де тәуелсіз сертификаттау жүргізудің негізін қалау үшін ұлттық біліктілік жүйесін дайындау бағытында ортақ пәтуаға келуге көмектесті. Проект по модернизации технического и профессионального обучения способствовал достижению консенсуса по разработке национальной системы квалификаций для приведения учебных программ в соответствие с профессиональными стандартами и заложения основы для независимой системы сертификации. The Technical and Vocational Education Modernization Project has contributed to building a consensus on development of a comprehensive national qualifications system, aligning the curriculum with occupational standards and setting the foun- dation for an independent certification system. Дүниежүзілік банк кен игеруші салалардың айқындылығын арттыру бастамасына Қазақстанның қатысуы үшін техникалық көмек көрсетеді. Бүгінгі күні аталмыш бастама құрамына Қазақстанның кен игеру секторындағы бүкіл табыстың 90%-ын қамтамасыз етіп отырған 172 компания кіріп отыр. Всемирный банк оказывает техническую помощь в участии Казахстана в Инициативе прозрачности добывающих отраслей (ИПДО). Сегодня по ИПДО отчитываются 172 компании, ответственные за 90% всех доходов от добывающего сектора Казахстана. The World Bank has been providing technical assistance to participation in the Extractive Industries Transparency Initiative (EITI). To date, EITI reports include data from 172 companies responsible for 90% of the extractive sector revenues. Әр жарты жыл сайын Дүниежүзілік банк кең жұртшылыққа арнап Қазақстан экономикасының хал-ахуалы жайлы есепті шығарып отырады. Каждые полгода Всемирный банк выпускает отчет о состоянии экономики Казахстана для широкого пользования. Every half a year the World Bank issues the country economic update designed to monitor economic developments in Ka- zakhstan. Дүниежүзілік банк «Ашық дамуды» қолдайды, атап айтқанда, біз жаһандық экономикаға қатысты пайдалы деректермен, мәліметтермен бөлісіп, зерттеушілер мен ҮЕҰ-ға деректерді жинау, нәтижелерді бағалау және білім деңгейін көтеруге көмектесеміз. Всемирный банк поддерживает «Открытое развитие» – мы делимся полезными данными и сведениями о глобальной экономике, оказываем помощь исследователям и НПО в сборе данных, оценке результатов и повышении уровня знаний. The World Bank supports “Open Development” – we share tools and essential information on the global economy and the Bank’s operations, enable researchers and civil society collect data, measure results, and increase knowledge. KAZSTAT жобасы мемлекеттік ұйымдарға артылған статистикалық есеп жүктемесін 41%-ға азайтты. Статистикалық есептердің саны және сайттағы электрондық қолданушылар саны айтарлықтай артты. Проект KAZSTAT позволил сократить на 41% отчетную статистическую нагрузку на государственные органы. В разы увеличилось количество статистических отчетов и электронных посещений сайта. The KAZSTAT Project resulted in a 41 percent reduction in the statistical reporting burden for state agencies consequently reducing bureaucracy. The number of statistical reports and E-visits increased dramatically. Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында Дүниежүзілік банк даму кезінде басымдық берілетін салалар үшін аналитикалық және сабағаттық қолдауды көрсетіп, экономикалық, салалық реформаларды жүргізу аясында Үкіметтің институционалдық әлеуетін күшейтуге көмектесуде. В рамках Программы совместных экономических исследований Всемирный банк предоставляет аналитическую и консультационную поддержку в приоритетных сферах развития и помогает усилить институциональный потенциал Правительства в проведении экономических и отраслевых реформ. Through the Joint Economic Research Program the World Bank provides analytical and advisory support in priority country development areas and helps further strengthen the institutional capacity of the Government to carry out economic and sectoral reform. Бизнес жүргізу ісін қолайлы етуге арналған реформаларды үйлестіру аясындағы ынтымақтастық «Бизнес жүргізу» есебіндегі Қазақстан рейтингісінің 2010 жылғы 74-орыннан 2017 жылы 35-орынға көтерілуіне жағдай жасады. Сотрудничество в координации реформ по повышению удобства ведения бизнеса способствовало улучшению рейтинга Казахстана в отчете «Ведение бизнеса» с 74 места в 2010 году до 35-го в 2017 году. Coordination efforts on the business environment reforms improved the Kazakhstan’s ranking on the Doing Business indi- cators from 74 in 2010 to 35 in 2017. Жекеменшік сектордың дамуын ынталандыру мақсатында республика өңірлеріндегі күрмеулі мәселелерді анықтап, олардың бір-бірімен табысты тәжірибе алмасуы үшін Дүниежүзілік банк және Қазақстан бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісін жүргізуде. Для стимулирования развития частного сектора Всемирный банк и Казахстан проводят субнациональный рейтинг ведения бизнеса, чтобы помочь регионам Казахстана выявить проблемные места и обменяться успешным опытом. To stimulate private sector development the World Bank and the Government extended the study by launching the Subna- tional Doing Business report to help different regions of Kazakhstan identify bottlenecks and learn best practices from each other. Азаматтық қоғамды әлеуметтік дамыту жөніндегі қордың Грант бағдарламасы әлеуметтік тұрғыдан осал және қоғамнан оқшауланған топтарды даму үрдісіне тартуға және де олардың азаматтық белсенділігін көтеруге бағытталған Қазақстандағы 74 жобаны қаржыландырды. Грантовая программа Фонда социального развития гражданского общества профинансировала в Казахстане 74 проекта, направленных на вовлечение социально-уязвимых и изолированных групп населения в процессы развития и повышение их гражданской активности. The Grant Program by the Civil Society Social Development Fund supported 74 projects in Kazakhstan aimed to engage vulnerable and marginalized groups in the development process and civic participation. Дүниежүзілік банктің қолдауымен жұмыс жасайтын «БOTA» Қоғамдық қоры күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балалардың біліміне, денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына инвестициялар құю арқылы олардың өмірін жақсартуды көздеген көптеген жобаларға қолдау жасады. Поддерживаемый Всемирным банком Общественный Фонд «БOTA» поддержал огромное количество проектов, направленных на улучшение жизни детей из малообеспеченных семей Казахстана через инвестиции в их образование, здоровье и социальную защищённость. The World Bank supported “BOTA” Foundation supported a great number of projects aimed at improving the lives of chil- dren from low-income families in Kazakhstan by investing in their education, health, and social protection. 2016 жылы Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) Қазақстандағы кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту мақсатында KazMicroFinance ұйымына $44 млн. көлемінде несие ұсынды. Сондай- ақ, IFC келелі мәселелерді анықтау және де белгілі бір міндеттерді шешу үшін өзгерістерді енгізу мақсатында KMF ұйымының корпоративік басқаруына бағалау жүргізді. В 2016 году Международная финансовая корпорация (IFC) предоставила KazMicroFinance кредит в размере $44 млн. для расширения доступа к финансированию предпринимателей в Казахстане. IFC также провела оценку корпоративного управления для KMF для выявления проблем и предложения изменений для решения определенных вопросов. In 2016, International Finance Corporation (IFC) provided a $44 mln loan to KazMicroFinance to increase access to finance for entrepreneurs in Kazakhstan. IFC also conducted a corporate governance assessment for KMF, which highlighted spe- cific challenges and proposed changes to address issues.